Қабанбай батыр даңғылының Есіл өзені көпірінен әуежайға дейінгі бөлігі жөнделеді

1137

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді.   

Қабанбай батыр даңғылының Есіл өзені көпірінен әуежайға дейінгі бөлігі жөнделеді

Нұр-Сұлтанда Есіл өзені көпірінен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары ағымдағы жылдың 1 маусымында басталады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын "Салтанат сарайы" мен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" арасында жатқан Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Мердігер ұйым – China Xinxing Group Co., Ltd компаниясы мен "СП Сине Мидас Строй" ЖШС консорциумы. ТЭН авторы – "АстанаСтройПроектСервис-М" ЖШС. Келісім негізіндегі сома – 88 985,9 млн теңге. Жол ұзындығы – 17,353 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу