Қабанбай батыр және Мәңгілік ел даңғылдарының жол айрықтары кеңейтіледі

1178

Жол айрықтары кептеліс туғызып отыр.

Қабанбай батыр және Мәңгілік ел даңғылдарының жол айрықтары кеңейтіледі

Елорданың негізгі даңғылдарындағы жол айрықтары кеңейтілмек. Қала басшылары осы арқылы көлік кептелісін сәл де болса жеңілдетеміз деп отыр. Мұндай жоспардың қалай жүзеге асатынын Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Бізде жобалау негізінен дұрыс. Тек кейбір жерлерде қолдан "бөтелке мойнын" жасап қойғанбыз. Мәңгілік ел даңғылын алайық. Өн бойы кең деуге болады. Онда неге кептеліс туындайды? Өйткені Сығанақ көшесімен қиылысар тұстағы айрықта "бөтелке мойны" тұр. Қабанбай даңғылымен келе жатып, "ҚазМұнайгаз" ғимаратына бұрылсаңыз, тағы да "бөтелке мойнына" тап боласыз. Осы "мойындарды" кеңейтсек, қозғалыс қалыпқа түседі. Яғни жол айрықтарда жолақ саны азайып, көше тарылады да, кептеліс пайда болады. Бұл мәселемен қазір айналысып жатырмыз. Қабанбай даңғылын кеңейткен кезде өздеріңіз көрерсіздер", – деді әкімдік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу