Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі бір жылға шегерілді

1133

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі бір жылға шегерілді

"27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады", – деді С. Брекешев.

Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен талқылау кезінде қабылданған. "Атамекен" ҰКП қорытындысында утилизациялық төлемді ынталандыру ережелері мен есептеу әдістемесіне түзетулер ұсынылды. Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеген, ол мемлекеттік органдармен келісілу сатысында. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың утилизациялық алым алумен мемлекеттік ұйым айналысуға тиіс деген тапсырмасын орындау үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Осы қаулымен "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі мемлекет меншігіне қабылданғаны айқындалды.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы ретінде мемлекеттің 100% қатысуымен "Жасыл Даму" АҚ анықталды. Жарғылық капиталда АҚ-ның басқа меншік иелері жоқ.

Утилизациялық алым мөлшерлемелерін қайта қарау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оған жұртшылық, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу