Кабирхан 1 миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

833

Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кабирхан 1 миллион дирхам үшін бәйгеге түседі Фото: @baige.federation

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,7 араб дирхамын құраса, ең жүйрік ат иесіне 1,02 млн дирхам ақшалай сыйлық беріледі.

Бұған дейін Кабирхан екі бірдей беделді жарыста топ жарған болатын.

Жарыстардағы сәтті өнерінен кейін Кабирханға көз тіккендер көбейіп, иесі Тілек Мұханбетқалиевке миллион долларға сатуға ұсыныс жасағандар да болған көрінеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу