Кабул көлікке тапсырыс берушілердің ақшасын алып қашып кеткен кәсіпкерді Қазақстанға қайтарды

1058

Кабул көлікке тапсырыс берушілердің ақшасын алып қашып кеткен кәсіпкерді Қазақстанға қайтарды

Тапсырыс берушілерден жаңа көлікке алдын ала ақы алып, шетелге қашып кеткен кәсіпкер жұма күні Ауғанстаннан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады жұма күні еліміздің бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Ол 2014-2015 жылдары Ақтау қаласындағы ЖШС-лардың бірінің директоры болып тұрған кезінде  адамдарды алдап, сеніміне кіру арқылы  11 зардап шегушімен 80 млн теңгедей сомаға жаңа көлік жеткізу үшін келісім жасап, ол үшін алған алдын ала ақымен Қазақстаннан қашып кеткен",  –  делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті оған 2015 жылы іздеу жариялап, кейін Ауғанстан аумағында құқыққорғау органдары ұстады.

Еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен ұсталған азамат Қазақстанға жеткізілді. Ол Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу