17 тамызда Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы мешітте болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тапты, тағы 33-і түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Полицияның дерегінше, жарылғыш зат Хайр-хан кварталындағы Садыкие мешітінде кешкі намаз кезінде іске қосылған. Шабуылды ешбір топ әзірге мойнына алған жоқ.
Талибан үкіметінің ресми өкілі Забиуллах Мужадхид өзінің Twitter-дегі парақшасында лаңкестік шабуыл жасағандарды айыптады. Ол кінәлілердің тиісті жазаға тартылатынын мәлім етті.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу