Кабул террористік ұйымның жаңа нысаны болуы ықтимал

903

Мұнда ДАИШ жақтастарының саны 3 есе көбейіпті.

Кабул террористік ұйымның жаңа нысаны болуы ықтимал

Келесі жылы Орталық Азия аймағында әскери-саяси қақтығыс өрши түсуі мүмкін. Осындай мәлімдеме жасаған Ресейдің қорғаныс министрлігі Ауғанстанда тәліптер белсенділігінің 30 пайызға артқанына алаңдаулы, деп хабарлайды  Atameken Business.

Ведомствоның есебінше, мұнда ДАИШ жақтастарының саны 3 есе көбейіпті. Енді Кабул террористік ұйымның жаңа нысаны болуы ықтимал деген пікірлерін де ашық айтып отыр.

Есте болса, өткен жылы Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Сирияда талқандалған ДАИШ лаңкестерінің өз отандарына, соның ішінде Орталық Азия елдеріне қайта оралу ықтималдылығының барын мәлімдеген болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу