Кабулда автобус жарылды

978

1 адам қаза тапты.

Кабулда автобус жарылды

Ауғанстан астанасы Кабулдағы Дашти-Арчи ауданында автобус жарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Иранның Fars ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы екеуі жарақат алған. Жарылыстың неден болғаны әзірге жарияланбады.

Бұған дейін қаладағы Сардар Мохаммад Дауд Хан атындағы ірі әскери госпиталінде екі жарылыс болып, кем дегенде 15 адам ажал құшқан еді. Жанкешті ғимаратқа кіріп өзін жарып жіберген болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ДАИШ-тың бірнеше содырлы аурухана ғимаратына кіріп, "Талибан" өкілдерімен қақтығысқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу