Жарылыс Ауғанстандағы Ресей елшілігінің ғимараты орналасқан ауданда болды, деп жазады inbusiness.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Ақпаратта көрсетілгендей зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз.
"Жарылыс ресейлік дипломат виза алуға үміткерлердің есімдерін атау үшін ғимараттың жанында кезекте тұрған адамдарға келген кезде болған", – деп жазылған хабарламада.
Басқа БАҚ-та жанкешті лаңкестің Кабулдағы Ресей елшілігінің кіреберісінің жанында жарылғыш құрылғыны іске қосқаны жазылған.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Дар-ул-Аман ауданындағы Кабулда күшті жарылыс болды деген хабар тараған. Елшілікке жақын маңдағы ғимараттарда әйнектер сынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу