Кабулда сегіз жетім бала аштан өлген

1330

Кабулдың батыс бөлігінде сегіз жетім бала аштан өлген. Бұл туралы ауған Парламентінің бұрынғы депутаты Мұхаммед Мохакик 24 қазанда өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ria.ru агенттігіне сілтеме жасап.

Кабулда сегіз жетім бала аштан өлген

Балалардың денесі осыдан бірнеше апта бұрын Кабулдың 13-округінен табылған. Жетім балалардың үлкені – шамамен сегіз жаста, кішісі – бір жарым жаста болған көрінеді.

"Олардың ешкімі қалмаған. Әке-шешесінің екеуі де өлген, жақын туыстары да жоқ. Балалардың аштықтан әлсірегені соншалық, өз бетімен қимылдауға да мұршасы келмеген", – дейді молда Мұхаммед Әли Бәмиани.

Айта кететіні, бұған дейін БҰҰ таяу арада гуманитарлық көмек берілмесе, Ауғанстан аштыққа ұрынуы мүмкін екендігін ескерткен. Бүгінгі таңда Ауған халқының 39 миллионнан астамы азық-түлік тапшылығына тап болып отыр.

Оралбай Мергенбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу