Кабулда тағы да жарылыс болды

764

3 қазанда ДАИШ содырлары Идгах мешітінің жанында террористік шабуыл жасаған еді.

Кабулда тағы да жарылыс болды

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында тағы да жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Aamaj News агенттігіне сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер бар.

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, оқиға 20 қазанда қаланың Дехмазанг деп аталатын ауданында, нақтырақ айтқанда, шекара полициясы штабының ғимаратына қарама-қарсы жерде болған.

Жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр. Әзірге болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.

3 қазанда ДАИШ содырлары Кабулдағы Идгах мешітінің жанында террористік шабуыл жасаған еді. Мешіт кіреберісінде бомба жарылды. Жарылыс салдарынан, 12 адам ажал құшып, тағы 32-сі зардап шекті. Оқиғаны тергеу барысында "Талибан" содырлары үш күдіктіні қамауға алды.

Табиғат Нұрболат

Фото Твиттерден: @AnisaPashai

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу