Кабулда жанкешті мінген көлік жарылып, бейбіт тұрғындар қаза болды

926

АҚШ билігі Кабулда жанкешті лаңкес отырған көліктің жарылуы салдарынан 9 тұрғын қаза тапқанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы CNN телеарнасына сілтеме жасап.  

Кабулда жанкешті мінген көлік жарылып, бейбіт тұрғындар қаза болды

Қаза тапқандар арасында 6 бала бар.

Жанкешті лаңкес тізгіндеген көлік Кабул әуежайына бара жатқан. Ол онда террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған. АҚШ билігі жексенбіде ұшқышсыз басқарылатын аппараттың көмегімен тұрғын үйдің маңында жүріп бара жатқан көлікті жарып жіберген.

АҚШ әскери күштері жарылыс салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын растады.

"Біз жарылыстан көліктің жойылғанын білеміз. Оның ішінде көп жарылғыш зат болды. Салдарынан басқа адамдар да зардап шегуі мүмкін еді. Тергеу жүргізіп жатырмыз. Біз жарылыстан жазықсыз адамдардың қаза тапқанына қайғырамыз", - деді АҚШ орталық қолбасшылығының капитаны Билл Урбан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу