Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс болып, 13 адам қаза тапты. Тағы 30-дан астам кісі жараланды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға шаһардағы ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту министрлігінің маңында болды. Полицияның хабарлауынша, лаңкес осы мекемеге кіреберіс қақпаның қасына келіп өзін жарып жіберген.
Шабуылды "Ирак және Левант лаңкестік ұйымы" өз мойнына алды.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын үкімет рамазан айының аяқталып, ораза айт мейрамының басталуына байланысты "Талибан" қозғалысымен бірнеше күн оқ атпау туралы келісімге келген еді. Уағдаластыққа сәйкес, қос тарап барлық әскери әрекетті тоқтауға тиіс болған. Бұл шарт "Ирак және Левант лаңкестік ұйымына" қатысты емес екенін хабарлаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу