Кабулдағы америкалық елшіліктің маңында жарылыс болды

650

Қазір оқиға болған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар бар, бірақ әзірге олардың нақты саны жарияланған жоқ.

Кабулдағы америкалық елшіліктің маңында жарылыс болды Фото: reuters.com

Жойқын жарылыс сәрсенбі күні таңертең болған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Қазір оқиға болған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар бар, бірақ әзірге олардың нақты саны жарияланған жоқ.

Осыдан 18 жыл бұрын 11 қыркүйекте "Әль-Каида" ұйымы Нью-Йорктің символы саналатын Дүниежүзілік сауда орталығын жарып жіберген еді.  

Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та "Әль-Каиданың" лаңкестері 4 жолаушы тасымалдайтын ұшақты басып алып, екеуін Дүниежүзілік сауда орталығына, ал тағы екеуін Пентагон мен Ақ үйге бағыттаған болатын. Нәтижесінде қаскөйлер тек сауда орталығын жарған. Теракт салдарынан 2974 адам қаза тауып, 24 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу