Кабулдағы халықаралық әуежай ресми түрде жұмысын бастады

926

Тәліптер елді басып алғаннан кейін, әуежай жұмысын тоқтатқан еді.

Кабулдағы халықаралық әуежай ресми түрде жұмысын бастады

20 қыркүйекте Ауғанстан астанасының халықаралық әуежайы ресми түрде ішкі және халықаралық рейстерді жандандырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Талибан" қозғалысының ресми өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Кабул халықаралық әуежайы ресми түрде ішкі және халықаралық коммерциялық рейстерді қайта бастады. Ауғанстан азаматтық авиация басқармасының шешіміне сәйкес, әуе айлағы 06:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді", – деп жазылған мәлімдемеде.

Бұл елдегі азаматтық рейстер 15 тамызда тәліптер Кабулды ұрыссыз басып алып, Президент Ашраф Ғани елден қашып кеткеннен кейін тоқтатылды. Осыдан кейін бірнеше мемлекет шұғыл түрде 31 тамызға дейін өз азаматтары мен олармен жұмыс істеген ауғанстандықтарды эвакуациялады.

Кабул әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалдары әуе айлағында болған тәртіпсіздіктер және 26 тамыздағы террорлық шабуылдың салдарынан қатты зақымданған еді. Тамыз айының соңынан бастап Катар мен Түркияның техникалық мамандары әуежайдың жұмысын ретке келтіруге көмектесіп жатыр.

Табиғат Нұрболат
Фото: khaama.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу