Кабулдағы терактіге байланысты ҚР Президенті АҚШ көшбасшысына көңіл айтты

789

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кабулдағы терактқа байланысты АҚШ көшбасшысы Джо Байденге көңіл айтты. Теракт кезінде америкалық әскери қызметкерлер қаза тапқан болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кабулдағы терактіге байланысты ҚР Президенті АҚШ көшбасшысына көңіл айтты

"Қазақстан халқы атынан президент Байден мен америкалық халыққа Кабул халықаралық әуежайында құрбан болғандар мен зардап шеккендерге байланысты көңіл айтамын",– деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Бұдан бұрын Ауғанстан астанасында болған бірнеше теракттың салдарынан АҚШ-тың 12 әскери қызметкері қайтыс болғаны хабарланған еді. Лаңкестіктер үшін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы жауапкершілік алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу