Кабулдағы университет жанында атыс болды

482

Атыстан кейін жарылыстың дыбысы естілген.

Кабулдағы университет жанында атыс болды

Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы университет жанында атыс болды. Бұл туралы Tolo News телеарнасы хабарлады. 

Елдің Ішкі істер министрлігінің дерегінше, ғимаратқа полиция жасақтары жіберілген, олар шабуылды дереу тоқтатқан. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сонымен қатар оқиға орнында жарылыс болған. Қару асынған үш адам ғимаратқа баса-көктеп кірді деген мәлімет жарияланды. 

Атыс пен жарылыс бір уақытта, яғни Ауғанстан мен Иран өкілдері университет қабырғасында кітап көрмесін ашып жатқан кезде болған. 

Әзірге ешбір топ жарылысты мойнына алған жоқ. "Талибан" қозғалысы бұған қатысы жоқ екенін мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу