Кабулдағы жарылыстан 16 адам қаза болып, 60-ы жарақаттанды

593

Кабулдағы жарылыстан 16 адам қаза болып, 60-ы жарақаттанды

Ауғанстан астанасы Кабул әуежайына жақын жерде болған жойқын жарылыстың салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетсек, Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустум мінген айыру белгілері жоқ чартерлік рейс жексенбі күні сағат 16.30-да (Астана уақытымен 18.00) Хамид Карзай атындағы Халықаралық әуежайға қонған болатын. Жүздеген адам, соның ішінде жоғары лауазымды тұлғалар Түркияда 14 ай болып келген вице-президентті қарсы алу үшін ұшып-қону жолағына жиналып тұрған еді.  Абдул Рашид Дустум броньды көлікпен әуежайдан шыққаннан кейін біршама уақыттан соң қуатты жарылыс болды.

TOLOnews телеарнасының хабарлауынша, ажал құшқандардың дені қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. 2017 жылы Түркияға қашып кетіп, қайта оралған шенеунік А.Дустум зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін қаза болған 11 адам, зардап шеккен 14 адам туралы айтылған еді.   Әзірге жарылыс үшін жауапкершілікті Ауғанстандағы бірде-бір террористік топ өз мойнына алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу