Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы аурухананың жанында жарылыс болып, салдарынан 19 адам ажал құшты, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Талибан" өкілі Билал Карими ауруханада екі жарылыстың болғанын, оқиға орнына арнайы күштердің жіберілгенін мәлімдеді.
Кейбір БАҚ шабуылдарды ДАИШ экстремистік ұйымының (Қазақстан және басқа елдер аумағында тыйым салынған ұйым) тармағы болып табылатын "Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобының содырлары жасады деп хабарлауда.
16 қазанда Кандагардағы мешіттердің біріне террорлық шабуыл жасалды. Салдарынан 47 адам қаза тапты. Шабуылды "Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан" жауапкершілікті өз мойнына алды. Содырлардың айтуынша, бірінші жанкешті дәлізде, екіншісі мешіттің ортасында жарылғыш затты іске қосқан.
Табиғат Нұрболат