Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жарылыс болып, салдарынан кемінде 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасы мәлім етті.
Оқиға Спин Калай алаңында орын алған. Ресми дерек бойынша, парламент мүшесі Хаджа Хан Мұхаммед Вардактың көлігі жарылған.
Жергілікті Pajhwok агенттігі Вардак аман қалды, бірақ жарақат алды деп хабарлады. Бұдан бөлек тағы 6 адам зардап шеккен.
Әзірге елдегі ешбір лаңкестік топ шабуылды мойнына алмады. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу