Кабулдағы жарылыстардан қаза тапқандар саны жүзден асты

747

Ауғанстандықтармен қатар америкалықтар да ажал құшты.

Кабулдағы жарылыстардан қаза тапқандар саны жүзден асты

Ауғанстан астанасы Кабулдағы жарылыстар кезінде қаза тапқандардың саны жүзден асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Wall Street Journal сайтына сілтеме жасап. Олардың қатарында америкалық әскерилер бар. 

Басылымның дерегіне сүйенсек,шабуылдан кем дегенде 90 ауғанстандық мен 13 америкалық ажал құшқан. 

Кабул қаласында кем дегенде алты жарылыс болды. Бұған дейін Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі 90 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланғанын хабарлаған болатын. Пентагонның мәліметі бойынша, шабуыл кезінде 15 америкалық әскери адам қайтыс болды, тағы 20-ға жуығы жарақат алған. Олардың арасында дәрігер бар, ал зардап шеккендердің жартысы қазір ауыр халде.

АҚШ билігі Кабулдағы террорлық шабуылдарды "Ислам мемлекеті" құрамына кіретін "Вилаят Хорасан" содырлары ұйымдастырды деп отыр.

Осы орайда Құрама Штаттар президенті Джо Байден террористік топтың жетекшілері мен нысандарына соққы жасауды бұйырды. Саясаткер АҚШ әскери күштері Ауғанстан астанасындағы жарылыстарға кінәлілерді тауып, жазалайды деп уәде берді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу