Ауғанстаннан келгендердің тест нәтижелері теріс болып шықты. Бұл ретте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Кабулдан келген қазақстандықтар мен БҰҰ миссиясы туралы қосымша ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"19 тамызда Алматыға Ауғанстаннан екі рейс келді. Бірінші рейспен 27 Қазақстан азаматы, оның ішінде 6 бала және 15 Қырғызстан азаматы келді, олар бірден әуежайдан туған жеріне жолға шықты. Қазақстанның 27 азаматы Shera Inn қонақүйіне орналастырылды. Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келді, олардың арасында Ауғанстан азаматтары жоқ. Олар Rixos қонақ үйіне орналастырылған. 22 тамызда Кабулдан БҰҰ дипломатиялық миссиясының 108 мүшесі келді. Олар Intercontinental қонақүйіне орналастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Құралай Құдайберген