Кабулде жойқын жарылыс болды

671

Кабулде жойқын жарылыс болды

Бүгін таңертең Ауғанстан астанасы Кабулде жойқын жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, 24 адам қаза тауып, 40-ы жараланған.

Ақпарат көздерінің дерегінше, жанкешті өзін көлік ішінде жарып жіберген. Әзірге, оның мұндай қадамға баруына нақты не түрткі болғаны белгісіз. Жергілікті полиция оқиға орынан қоршауға алып, тергеу жүргізуде.

Айта кетерлік бір жайт, жарылыс Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары Мұхамед Мохакиканың үйіне жақын маңда болған. Мұның қайғылы оқиғаға қаншалықты қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу