Кабулдегі жарылыстан 63 адам қайтыс болды

870

180 адам жараланған.

Кабулдегі жарылыстан 63 адам қайтыс болды

Ауғанстан астанасында жойқын жарылыс болып, 63 адам жан тапсырды, жараланғандар саны – 180, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Жарылыс той кезінде болғандықтан, қайтыс болғандардың дені әйелдер мен жас балалар.

Талибан қозғалысы шабуылға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал ел президенті Ашраф Гани болса, Ауғанстандағы барлық лаңкестік әрекетке осы ұйымның қатысы бар деп санайды.

Жыл басталғалы Кабулде 17 рет терракт болды. Салдарынан 113 адам дүниеден озған. Бұл – ресми мәлімет. Шын мәнінде жарылыс құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Себебі ресми органдар оқиға құрбандарының санын жасыруға бейіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу