“Қабырғаларда жарықтар пайда болды”: Ұлдана Мырзуан ісінде куәгер адам шошырлық жайтты айтты

Астана қаласында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы өтуде.  

“Қабырғаларда жарықтар  пайда болды”: Ұлдана Мырзуан ісінде куәгер адам шошырлық жайтты айтты Фото: zakon.kz

Сот процесінде қайғылы жағдай болған үйдің тұрғыны куәгер ретінде жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгер Валерия Самсонова аталған үйде 20 жылдан бері тұрады. Ал тұрғын үй  2004 жылы қолданысқа берілген.

Қайғылы жағдай тіркелген күні куәгер үйінде болыпты.  

"Мен 9-қабатта тұрамын. Үйдің шатырында үнемі мәселе туындайды. Тұрғын үйді бірнеше жыл басқарған Гүлжауһар Ахметова кезінде үйіме шатырдан су кетіп соттасқан едім", –  деді ол.

2025 жылдың 8 қарашасындағы қайғылы жағдайдан соң әкімдік тұрғын үйдің қасбетіне жөңдеу жұмыстарын жасаған. Десе де, осыдан екі апта бұрын ғана үйдің жағдайы бәз баяғы қалпына түскен.

"Үйдің сыртқы қасбеті құлағаннан кейін әкімдік бізге көмектесіп, екінші подьездің тұсынан бекітпелер жасап берді. Фасад кірпіштерін алып тастап, демонтаж жасады. Бұл жұмыстар желтоқсан-қаңтар айларында жасалды. Бірақ осыдан екі апта бұрын дәліздегі қабырғаларда жарықтар мен сызықтар пайда болды. Әсіресе, 9 қабатта байқалады. “Алдағы уақытта қалай болар екен?” деп қорқамыз. Тұрғын үйдің сол жақ қасбеті қазір үдеп барады", – деді кәугер.

Жаза кеткен жөн, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан Астана қаласында тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған сәтте зардап шеккендерге көмек көрсету барысында ауыр жарақат алған-ды. Кейіннен жас маман ауруханада жан тапсырды.

2025 жылдың 18 қарашасында фельдшер Ұлдана Мырзуан бақилық болды. Сол күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ерлігін жоғары бағалап, марқұмды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. 

Кейіннен Астанадағы медициналық колледждердің біріндегі оқу аудиториясына Ұлдана Мырзуанның есімі берілсе, Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде арнайы мемориалдық тақта да ашылды. 

Сосын фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу