"Қабырғамызды қайыстырып кетті": Мәулен Әшімбаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстарына көңіл айтты

543

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысы Костенко шахтасында болған апат салдарынан көз жұмған кеншілердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қабырғамызды қайыстырып кетті": Мәулен Әшімбаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстарына көңіл айтты Фото: news.myseldon.com

"Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған төтенше жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестігімізді білдіреміз. Мемлекет басшысы бұл жағдайды тікелей өз бақылауына алып, Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылып, тиісті жұмыстар басталып кеткенін де атап өткен жөн", – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Мәулен Әшімбаев Президенттің Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырғанын атап өтті.

"Еліміздің Бас прокуратурасы да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кеткені белгілі. Алдағы уақытта қолға алынған шаралар өз нәтижесін беріп, кінәлілер заң жүзінде жауапқа тартылады деп сенеміз және мұндай төтенше оқиғалар енді ешқашан қайталанбасын деп тілейміз", - дейді Сенат төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу