"Қабырғасы сөгіліп тұр": Ақтөбеде ауыл тұрғындары мектептің ахуалына алаңдайды

548

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылындағы мектептің жағдайы көптің алаңдаушылығын тудырды.  

"Қабырғасы сөгіліп тұр": Ақтөбеде ауыл тұрғындары мектептің ахуалына алаңдайды Фото: instagram/aqtobe_sergek

Әлеуметтік желіде қабырғасы құлаудың аз-ақ алдында тұрған ғимараттың суреті жарияланған еді. Желі пайдаланушысы "Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ жалпы білім беру мектебі. Дәл қазіргі сәтте мектептің жағдайы осындай, балаларымызға алаңдаймыз. 2013 жылы салынған мектеп" деп жазба қалдырған.

Темір аудандық білім бөлімі мектеп 2012 жылы пайдалануға берілгенін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Кеңқияқтағы мектептің салынғанына 11 жыл болды. Әлеуметтік желіге шыққан сурет  – шаруашылық бөлмесі. Су, жылу желілері, жабдықтары тұрған жер. Ғимараттың төбесі емес, іргетас қаланған жер босаған, сол қабырғаға әсер еткен секілді. Ортасы ажыраған қабырғаны алып тастадық, кірпішін қайта қалаймыз. Бұл ешкімге зиянын тигізген жоқ. Оқу процесінен тыс уақытта, демалыс күні  кірпіштерін бұздық. Ол жұмыстар басқа қабаттағы оқу бөлмелеріне зиянын келтірмейді. Енді тек төменгі жағын кірпіштен қалап, қалғанын пластик қабырға қыламыз деп жоспарлап отырмыз. Ол жұмыстар демеушілердің көмегімен жасалады", - деді Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Азамат Өсербаев.

Кеңқияқ ауылының мектебінде 1300 оқушы білім алады. Мұнда балалар екі ауысыммен оқиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу