Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге қайтарылды

648

Прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді.  

Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге қайтарылды

Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті, деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.  

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді.

Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бүгінгі таңда СЭҚ-тың 7 қатысушысы ("Tex Alliance", "Almobi Group", "Ехргеѕѕ Кеден Сервис", "Group of the companies TDA", "Ai-To Progress", "Global Logistics Ved" және "TL NIKA кеден" ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу