Кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды

286

Қазіргі уақытта су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары қолға алынды.  

Кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды Фото: Inbusiness.kz

Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды.

Ақсу ауданындағы жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған аталған учаскелер "Күреңбел" ЖШС-не тиесілі.

Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арналарының карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды.

Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаттардың қолданылуының шарттық міндеттемелерін одан әрі бұза отырып тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу