Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтынын хабарлайды

1978

Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтынын хабарлайды

ҚР қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Биылғы жылы оқу орны мотоатқыш, десанттық-шабуылдау әскерлері және әскери барлау мамандықтары бойынша оқыту үшін кадеттерді оқуға қабылдауға әзір.

Жыл сайын орташа есеппен алғанда 1 500 жас қазақстандық оқуға құжаттарын тапсырады. Кадет корпусына 17 жастан кіші емес және 25 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өтеді. Әрі қарайғы кезеңдер алдын ала медициналық куәландыру, алдын ала кәсіптік-психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, түпкілікті медициналық куәландыру және түбегейлі кәсіби-психологиялық іріктеу. Содан кейін конкурстық іріктеу және кандидаттардың оқуға түсуі тікелей Кадет корпусында жүзеге асырылады.

Қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді. Барлық кезеңдер шілденің 20-ы мен ағымдағы жылғы тамыздың ортасына дейін өткізіледі.

Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Кадет корпусының аумағында орналасады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Жалпы оқу мерзімі 1 жыл 10 айды құрайтынын айта кеткен жөн.

Оқуға қабылдау ережелері туралы толыққанды ақпаратты www.mod.gov.kz сілтемесі арқылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ("Білім беру" тарауы) алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу