25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер (кадет) арасында Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды olympic.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін Әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
"Осындай маңызды жарысты Қазақстанда өткізуге сеніп тапсырғандары үшін Халықаралық дзюдо федерациясына алғыс айтамыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан дзюдодан әлемдік аренада өзіндік орнын қалыптастырған беделді ел болып саналады. Осыған дейін ересектер арасында Гран При, Masters, сондай-ақ, Әлем чемпионаты сынды әлемдік ірі жарыстарды абыроймен өткізді", – дейді Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев.
Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен Абу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болған.