Кадеттерге командир рөлінде бөлімше басқару сеніп тапсырылды

1302

Кадеттерге командир рөлінде бөлімше басқару сеніп тапсырылды

Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында бөлімше командирлерінің рөлінде тағылымдамадан өткен кадеттердің кезекті ауысымы өтті. Бірегей тәжірибе болашақ кіші командирлерге сапалы тұрғыдатәлім-тәрбие беру үшін енгізілді және оқу орнында қолданылады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әрбір кадет оқыту кезеңінде 2-3 мәрте өз бөлімшесінің командирі рөлінде үш апталық тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама барысында оқып-үйренушілер бөлімше командирінің лауазымды міндеттерін өздігінен орындауда, жеке құрамды басқару мен жауынгерлік даярлық жөнінде сабақ өткізуде практикалық тәжірибе жинақтайды.

Кадет өзінің көшбасшылық қасиеті мен сеніп тапсырылған бөлімшемен жұмыс істеу әдістемесін пысықтай отырып, командалық-әдістемелік дағдысын шыңдайды. Кадеттің іс-қимылын рота сержанттары мен взвод командирлері қадағалайды. Аға әріптестері мен тәлімгерлері ретінде олардың мықты және осал тұстарын айқындай отырып, консультативті және әдістемелік көмек көрсетеді.

Үшінші сыныпты сержант Данияр Байқоңыровтың айтуынша, мұндай практика кезінде кадеттер, бірінші кезекте, басқару тұрғысында сенімділікті дамытады. Бұл олардың әскери бөлімдердегі әрі қарайғы қызметтеріне қолайлы ықпал етеді.

"Алғашында кадет бөлімшені басқара алмай жатады. Бірақ келесі жолы өзінің ағаттығын талдай отырып, барлығын дұрыс әрі ойдағыдай жасайды", – дейді ол.

Кәсіби сержант ұстаханасында, яғни Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусында кіші командирлердің көп санды буыны ретінде бөлімше командирлерін жан-жақты дайындауға жіті назар аударылады. Болашақ сержанттың командалық машықтарын бекіту үшін оқу орнында кадеттің көшбасшылық қасиетін жетілдірудің кешенді шаралары қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу