Кадр тапшылығы мемлекеттік қызмет саласына да келді

Батыс Қазақстан облысында мемқызметкерлер жетіспейді. 

Кадр тапшылығы мемлекеттік қызмет саласына да келді Фото: Газета Вечорка

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов айтып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы, облыста мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 3447. Бірақ, қазіргі күні нақты 3284 ғана адам жұмыс істеп жатыр. Демек, 163 бос лауазым бар. Әрі мемқызметтен өзге салаға кетіп жатқандар да аз емес. Мысалы, 106 жұмысын ауыстырған.

– Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдармен 500 бос лауазымға орналасуға конкурстар өткізіліп, оларға 719 адам қатысып, соның 325-і жеңімпаз болып танылды. Іріктеудің жаңа жүйесі бойынша 130 бос лауазымға өткізілген конкурстарда 223 адам бақ сынап, соның 99-ы жеңімпаз атанды. Жергілікті атқарушы органдарда жоғары тұрған лауазымдарға 70 мемлекеттік қызметші тағайындалды, меритократия қағидаты 73,68 пайыз болды, – деді Мұрат Байсалов.

ҚР өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мемлекеттік грантпен оқу орнын жоғары көрсеткішпен бітірген үздік түлектер аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалуға мүмкіндігі бары айтылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы мемқызметшілердің жайына қатысты бірқатар жұмыстың атқарылғанына тоқталды.

– Кейбір мемлекеттік органдармен заңнама талаптарын дұрыс қолданбау салдарынан мемлекеттік қызметшілерге төленуге тиісті бонустар төленбеген жағдайлар болған. Сөйтіп, 25 мемлекеттік қызметшіге 6,7 млн теңге көлемінде негізсіз төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді. Оған қоса жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін 106 мемлекеттік қызметшіге 188 мың теңге көлемінде өсімпұлдар төленді. Облыстағы жергілікті атқарушы органдарда іссапар шығындары уақытылы төленбеген 77 мемлекеттік қызметшіге тиісті 4,7 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізілді, – деп атап өтті департамент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу