Кадр тапшылығы шешуге тырысып жатыр

1147

Кадр тапшылығы шешуге тырысып жатыр

Ақмола облысының 116 студенті Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы медициналық жоғарғы оқу орындарында облыс әкімінің гранты есебінен білім алуда.

Облыс әкімдігі хабарланғандай, білім алушылардың арасынан 20 студент атаулы шәкіртақы есебінен, 50 студент аудан әкімдерінің гранты есебінен және 37 студент шаруашылық етуші субъектілердің қаражаты есебінен білім алуда.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының кадр тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысын қолдау аясында облыс әкімі Сергей Кулагин 2015 жылы аудандардың және Көкшетау қаласының әкімдеріне 5 жыл ішінде жылына 120 түлекті еліміздің медакадемияларына оқуға жіберу туралы тапсырма берді.

Әкімдікте атап өтілгендей, жас мамандар оқу аяқталғаннан кейін облысқа қайта оралып, онда өздерінің кәсіби еңбек жолын бастайды. Өткен жылы облысқа 359 медицина маманы келген. Алайда кадр  тапшылығы толық шешілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу