Кадрларды даярлауға арналған гранттар саны 20 мыңға артты

925

Кадрларды даярлауға арналған гранттар саны 20 мыңға артты

Биыл бакалавриатқа 50 894 грант бөлінсе, магистратураға 13 мыңнан астам грант қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2017 жылы соңғы жылдарға қарағанда алғаш рет жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған гранттар саны 10 мыңға артты. Ерлан Кенжеғалиұлы атап өткендей, биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кадрларды даярлауға арналған гранттар саны тағы 20 мыңға артты. Сәйкесінше алдағы оқу жылында жалпы алғанда 66 мыңнан астам орынды құрап отыр. Атап айтсақ, бакалавриатқа 50 894, магистратураға 13 220, докторантураға 2275 грант. Бұл өткен жылға қарағанда бір жарым есеге артық", — деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Светлана Ысмағұлова есептік кездесуде. 

Оның айтуынша, бұдан басқа, техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтарына арналған гранттардың құны артқан. Бұл жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын нығайтуға және оқу бағдарламаларын жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Айта кетсек, Астанада білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу