Қадыров мерзімсіз демалыстан бас тартты

814

"Мен халық пен Ресей президентінен сұрау арқылы ғана кете аламын".

Қадыров мерзімсіз демалыстан бас тартты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 3 қыркүйекте жариялаған "мерзімсіз ұзақ" демалысқа бармайтынын жеткізіп, керісінше аймақ басшысы ретінде 27 жылдық рекордты жаңартатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл күндері менің мерзімсіз демалыс туралы сөздерім көп талқылануда. Түрлі ойлар, сараптамалар мен болжамдар. Осының ақ-қарасын шешіп, халық арасындағы әңгімені тоқтатқым келеді. Бұған дейін мен өзімнің лауазымымды 15 жыл бойы атқарып келетінім және аймақ басшыларының арасында бұл ең ұзақ көрсеткіш екені жазылған жариялынымды байқадым. Шынымен, "ұзақ отырмын ба" деп ойланып қалдым, сондықтан халық пікірін білуге бел будым. Кейінірек аймақ басшысы ретінде менен де ұзақ отырғандар барын білдім – бұрынғы рекорд 27 жыл. Енді мен қазіргі рекордты жаңартуға тырысатын боламын", – деп жазды Шешенстан басшысы өзінің телеграм-каналында.

Кадыров мерзімсіз демалыс туралы әңгіме болашақ еншісінде екенін айтты. Қазір ол жыл сайынғы демалысқа да бармайды.

"Ойда жоқта, бұлай кетіп қалуға менің құқығым жоқ. Халық маған өңірді басқаруды сеніп тапсырды. Бұл сенімді ақтау – менің қасиетті міндетім. Мен халық пен Ресей президентінен сұрау арқылы ғана кете аламын", – деді Қадыров.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу