Қадыров: Ресей Украина соққыларына тым әлсіз қарсылық білдіріп жатыр

587

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейдің жаңа аймақтардағы Украин армиясының атқылауына қайтарған жауаптары әлсіз екенін айтты.  

Қадыров: Ресей Украина соққыларына тым әлсіз қарсылық білдіріп жатыр Фото: RT

Тиісті мәлімдемені шешен көшбасшысы 25 қазанда өзінің Telegram арнасында жариялады. Ол "соғыс біздің территориямызда жүріп жатыр" деп ескертіп, қалыптасқан жағдайға наразылығын білдірді.

Қадыров шекаралас аудандарда әскери жағдай енгізілгенімен, Украина қалаларға оқ жаудыруды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

"Біз тым әлсіз қарсылық көрсетудеміз", - деді Шешенстан басшысы.

Қадыров өзгелер Ресейді "барлық жағынан жоюға тырысады" деп баса айтып, "біздің бағытта оқ жаудыру туралы ойды еске алмайтындай" қатаң шараларды қолдайтынын жеткізді.

"Біз олардың әскері саны мен сапасына қарамастан қырып-жоямыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу