Қадыров Украинаның кассеталық оқ дәрілерді қолданғаны туралы хабарлады

509

Украинаның Қарулы Күштері (УҚК) ресейлік жауынгерлерге қарсы тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілерді қолданды. 

Қадыров Украинаның кассеталық оқ дәрілерді қолданғаны туралы хабарлады Фото: groznyi.tv

Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Батыс бұл фактіні көрмейді, халықаралық құқық қорғаушылар Гааганың әр бұрышында айқайлап жария етпейді. Украиналық фашистер тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілерді пайдаланады", - деп жазды саясаткер.

Ол ресейлік әскери қызметшілеріне Маринка маңында осындай зымыраннан оқ атылғанын жазады. Мұндай оқ-дәрілер аспанда жарылып, кейін жерге ине болып түседі екен.

Бұған дейін Foreign Policy Украина АҚШ пен Еуропа елдерінен кассеталық оқ-дәрілер мен жоғары дәлдіктегі бомбаларды талап еткенін хабарлады. АҚШ оларға ондай оқ-дәрілерді экспорттауға тыйым салынғанын атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу