Қадыровты сынға алған блогер Швецияда өлтірілді

984

Рамзан Қадыровтың сынға алумен жұртшылыққа танымал оппозиционер блогер Тумсо Абдурахманов Швецияда өлтірілді. 

Қадыровты сынға алған блогер Швецияда өлтірілді Фото: encrypted-tbn0.gstatic.com

Бұл туралы "Радио Свобода" блогердің жақындарының ақпаратына сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қадыровтың режиміне, "шешен халқының геноцидіне, Шешенстанды біріктіріп, басып алғандарға" қарсы  "Адат" оппозициялық қозғалысы Абдурахмановтың өлімін растап отыр.

"Біз бірнеше күн болды Тумсоның өліміне қатысты өзіміздің тергеуімізді әлі күнге дейін жүргізіп келеміз. Қайғылы хабарды бірінші рет естігенде, сенер-сенбесімізді білмедік, қазасын қабылдағымыз келмеді. Бірақ, Аллаға шүкір, қазір біз оның өлімін растайтын барлық ақпаратқа қол жеткіздік, ал оның ағасы Мұхаммедті арнайы қызметтер қадағалап отыр", - делінген Telegram арнасындағы қозғалыс хабарламасында.

Швецияның құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.

Швецияда тұратын Тумсо Абдурахманов пен оның ағасы, құқық қорғаушы Мұхаммед Абдурахманов 2 желтоқсаннан бастап байланысқа шықпады. Көп ұзамай блогерді өлтіруі мүмкін деген хабар шықты. Тумсо Абдурахмановты өлімі туралы расталмаған алғашқы ақпарат Ичкерияны жақтаушылардың Telegram арналарының бірінде пайда болды. Жарияланған жазбада қайғылы хабар хабарлаған Instagram қолданушысының желідегі жазған хаттары келтірілген. Ол Абдурахмановтың көршісі болып шығады.

Тумсо Абдурахмановтың телеграмм-арнасындағы соңғы жазбасы 30 қарашада кешке жарияланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу