Қадыровтың енді 18-ге толған баласы министр атанды

244

18 жастағы Ахмат Қадыров 2022 жылдан бастап Шешенстан басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.

Қадыровтың енді 18-ге толған баласы министр атанды Фото: Рамзан Қадыровтың телеграм арнасынан

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат республиканың дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне Ахмат Қадыров тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Иса Ибрагимов басшы мен үкімет әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына ауыстырылды", - деп жазды Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында.

18 жастағы Ахмад Қадыров 2022 жылдан бастап Шешенстан басшысының кеңесшісі, Ресей балалар мен жастар қозғалысының аймақтық төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың қарашасында Ахмат Шешенстанның дене шынықтыру министрінің орынбасары, ал ақпан айында Жастар министрі болып тағайындалды. Ол "Отан намысы" Республикасы Парламентінің жоғары орденімен және Қадыров орденімен марапатталған.

Қараша айында жаңа министр 19 жасқа толады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу