Қадыровтың тағы бір қызы жоғары лауазымға ие болды

381

Рамзан Қадыровтың өзі бұл ұсынысты мақұлдап, қызына сәттілік тіледі.

Қадыровтың тағы бір қызы жоғары лауазымға ие болды Фото: chechnya.gov.ru

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың екінші қызы Хадижат Шешенстан басшысы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24 жастағы Хадижат Қадырова әлеуметтік блокпен өзара іс-қимыл басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Шешенстан басшысы мен үкіметі әкімшілігінің басшысы Галас Таймаханов бұл қызметке Қадырованы тағайындауды ұсынды. Ол Грозный қаласы әкімдігінің мектепке дейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасауда табысқа жеткенін айтты.

Рамзан Қадыровтың өзі бұл ұсынысты мақұлдап, қызына сәттілік тіледі.

"Хадижат Қадырова бүкілресейлік ірі форумдар мен саммиттерге белсенді қатысады, ішкі саяси жағдайды жақсы біледі. Әкімшілік басшысы жаңа қызметінде оның әлеуметтік салада дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді. Мен жасалған ұсынысты мақұлдадым", - деп жазды Қадыров.

Хадижат Қадырова – Рамзан Қадыровтың екінші үлкен қызы. Грозный-информ хабарлауынша, ол 2000 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Грозный қаласының мектепке дейінгі білім беру бөлімін басқарды.

Бұған дейін ол балабақша меңгерушісі болған. 2021 жылдың желтоқсанында Қадырова "Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін" медалін алды. 2022 жылдың қараша айында Ахмат Қадыров атындағы орденмен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу