Кафе қызметкерлері 13 млн теңге жымқырған

256

Танымал кафе желісінің иесі шотындағы қаражаттың жетіспеушілігін байқап, полицияға жүгінген.  

Кафе қызметкерлері 13 млн теңге жымқырған Фото: digitalserv.ru

Абай облысында кафе қызметкерлері 13 млн теңгеден астам қаражатты өз шоттарына заңсыз аударып отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпкердің айтуынша, 2024 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін кассадан 13 миллион теңгеден астам қаражат жоғалған. Тергеу барысында бұл қаражат екі қызметкердің жеке шоттарына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды.

Күдіктілер басшылықтың рұқсатынсыз, мобильді қосымша арқылы аударым жасап, мекеменің қаржысын өз мақсаттарына пайдаланған. Полицейлер күдіктілерді жылдам анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді.

Жұмысшылар өз кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады.  

Олардың айтуынша, бүкіл сома жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Қазіргі уақытта аса ірі мөлшердегі шығын фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу