Қағаз-қисап KFC брендінің Ресейден шығуын кешіктірді

723

Америкалық Yum! Brands Inc компаниясы ресейлік операторға мейрамханалар желісін сатқаннан кейін Ресейдегі KFC атауы Rostic's болып өзгертілді. 

Қағаз-қисап KFC брендінің Ресейден шығуын кешіктірді Фото: The Moscow Times

OFAC АҚШ компанияларын Ресей нарығынан шығаруға қойылатын талаптардың күрделенуіне байланысты KFC желісінің Ресейден шығуын бірнеше айға кейінге қалдырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы дүйсенбіде Ресейдегі Франчайзинг иесі хабарлады.

Сергей Левиннің айтуынша, алдымен брендті Ресейден шығару Мәскеудің жаңа талаптарымен қиындады. Мұндай жағдайда Шетелдік активтерді бақылау басқармасына (OFAC) араласуға тура келді, салдарынан процесс одан әрі созылып кетті.

Бұл кідіріс екі жақтағы шектеулердің күшеюіне байланысты корпорациялардың Ресей нарығынан шығуы қалай қиындағанын көрсететін жарқын мысал. Компания өкілдерінің айтуынша, ережелерді басшылыққа алу қиындап кетті.

АҚШ Қаржы министрлігі түсініктеме беруден бас тартты. 2023 жылдың 24 ақпанында OFAC кеңсесі сыртқы нарықтардан шығу салығы бойынша сәйкестік жөніндегі нұсқаулықты шығарды, ал KFC-дің шығуы туралы келіссөздер әлі де жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу