Қағаз түріндегі "086" анықтамасының күші жойылады

786

Қағаз түріндегі "086" анықтамасының күші жойылады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмыс берушілерге №086 үлгідегі қағаз түріндегі анықтамаларды қабылдамауды ұысынды, деп хабарлайды Atameken TV.

Белгілі болғандай tңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен lенсаулық сақтау министрліктері "086" анықтамасы бойынша ақпараттық база құрмақ. Емханалар медициналық тексеруден  өткендер туралы барлық мәліметтерді электрондық нұсқада енгізуде. Яғни жұмыс беруші адамды қызметке қабылдаған кезде осы базадан қарай алады. Ал қағаз түріндегі анықтамалардың заңды күші болмайды.

Айта кетейік, бүгінде түрлі үлгідегі медициналық анықтамалар интернетте еркін саудаланып жатыр. Ресми мәліметтерге қарағанда,  Қазақстанда орташа есеппен алғанда күніне жалған 10 анықтама беріледі екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу