Қахраманмарашта 4,3 балдық жер сілкінісі болды

660

Түркиядағы зілзаладан соң үш айға жақын уақыт өтсе де кейінгі дүмпулер тоқтар емес.

Қахраманмарашта 4,3 балдық жер сілкінісі болды Фото: IHA

Кеше Түркия уақытымен кешкі сағат 18:31-де жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта зілзала тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты IHA агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның 11 қаласында болған апаттан 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Халық қайтадан аяққа тұруға тырысып жатқанда кейінгі дүмпулер басылмай тұр.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Қахраманмараштың Гөксүн ауданында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Оның тереңдігі 7,36 шақырымға дейін жеткен.

Зардап шеккендер болған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу