Қахраманмарашта тағы екі рет жер сілкінді

805

Түркияның Қахраманмараш қаласында 4,5 және араға 10 минут салып 4,1 балдық екі жер сілкінісі тіркелді. 

Қахраманмарашта тағы екі рет жер сілкінді Фото: cnn.com

7,7 және 7,6 балдық зілзаладан соң кейінгі дүмпулер жалғасуда. Жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта Түркия уақытымен кешкі сағат 17:39-да 4,5 және 17:49-да 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі.

Түркияның бірқатар қаласында кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. Ал 28 ақпан күні зілзала ошағы Қахраманмарашта қатарынан екі рет дүмпу тіркелді.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Онекішұбат ауданында сағат 17:39-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі - 9,88 шақырым. Арадан 10 минут өткен соң, яғни 17:49-да күші 4,1 балға жеткен екінші жер сілкінісі тіркелді. Мұның тереңдігі 13,61 шақырым деп жарияланды.

Әбден қорыққан халық бұл жолы да үрейленді. Айта кетейік 6 ақпан күні Қахраманмарашта болған жер сілкінісінен 45 мыңға жуық адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу