10 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп жазады inbusiness.kz
"Отандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді. Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Бұдан басқа Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90%-дық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.