Қахраманмарашта және Ақтеңізде жер сілкінді

653

Түркияда зілзаладан соң кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. 

Қахраманмарашта және Ақтеңізде жер сілкінді Фото: Anadolu Agency

Бүгін Түркия уақытымен түнгі сағат 01:35-те Ақтеңізде және 01:45-те жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта зілзала тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Қахраманмараштың Дулкадироғлу ауданында 4 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі 7,18 шақырымға дейін жеткен.

Сонымен қатар Ақтеңізде де жер сілкінді. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Крит аралының оңтүстік шығысында түнгі сағат 01:35-те 4,2 балдық зілзала тіркелді. 

Теңіз бетінен 7,23 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің эпицентрі Мугланың Датча ауданынан 240 шақырым қашықтықта екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу