Қахраманмарашта жер сілкінді

874

Зардап шеккендер жоқ.  

Қахраманмарашта жер сілкінді Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қахраманмараштың Гөксүн ауданында 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды İnbusiness.kz сайты.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Түркия уақытымен таңғы сағат 9-дан 47 минут кеткенде жер сілкінісі болды. Оның тереңдігі 7 шақырымға жеткен.

Түркияда зілзаладан кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелді. Ғалымдар жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер шамамен бір жылға созылатынын айтады. Себебі жоғары балдық зілзала аймақтағы көптеген ақаулық белдеулерге әсер еткен. Қазір Түркияда әрбір 3 минут сайын афтершок тіркеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу