Қахраманмараштағы 4 балдық жер сілкінісінен 5 қабатты ғимарат қирады

585

Зілзала Түркия уақытымен бүгін түс ауа болған.

Қахраманмараштағы 4 балдық жер сілкінісінен 5 қабатты ғимарат қирады Фото: aa.com.tr

Қахраманмараштың Елбістан ауданында күндізгі сағат 14:23-те 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зілзала тереңдігі 5,55 шақырымға жеткен. Жерасты дүмпуінен қатты зақымданған бес қабатты үй қирады. Бұл 6 ақпандағы оқиғадан енді есін жиып келе жатқан тұрғындардың үрейін одан сайын күшейтті. Адамдар ғимараттың ішінен дереу шығарылғандықтан, зардап шеккендер болған жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу